Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін Юлия Мясникова Ресей Суперлигасында жылдың символдық командасына енді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Мясникова ЦСКА сапында 28 матчқа қатысып, 7 гол соққан.

Өткен маусымда қазақстандық футболшы өнер көрсететін мәскеулік команда «Зениттен» кейін екінші орын алған еді.