Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ПФЛК) мүшелерінің жалпы жиналысында жаңа турнир – Лига кубогын енгізу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, функционерлер мен клуб жетекшілері жарыстың форматын талқылайды. Кубок турнирінің ұқсас аналогы көптеген Еуропа елдерінде, соның ішінде Англия, Шотландия және Португалияда бар.

Отырыста сондай-ақ Қазақстан Суперкубогы үшін матчтың өтетін орны, өтінім беру жарнасының мөлшері және жарыс регламентіне енгізілген өзгерістер сияқты түрлі мәселелер талқыланады.