«Интер Майами» аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 15 ақпанда «Интердің» стадионында Солтүстік Американың негізгі футбол лигасы (MLS) командасының маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді.

Аргентиналық «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси «Ньюэллс Олд Бойз» клубының түлегі. 13 жасында шабуылшы Барселонаға ауысты.