«Америка» мен «Тигрес УАНЛ» Мексика чемпионатының финалдық қарымта матчта кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтардың қақпашысы Науэль Гусман қосымша уақытта екі сары қағаз алды. Ойыншы трибуна астындағы бөлмеге кетуі керек еді, бірақ ол титул үшін жарыстағы матчты өз көзімен көргісі келген.

Голкипер жарнамалық баннердің астына тығылып, командасының жеңілгенін көруге мәжбүр болды.