Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Салават Юлаев» өз айдынында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 матчтың қорытындысы бойынша «Барыс» 31 ұпаймен Шығыс конференциясында 12-орында тұр. Ол 11-орындағы «Адмиралдан» бір ұпайға, ал сегіздік аймағынан 12 ұпайға қалып қойды.

«Салават Юлаев» 39 ойында 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында келеді, бірақ төртінші орындағы «Лададан» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана озып тұр. Уфалықтар бірінші және екінші орындағы «Металлург» пен «Авангардтан» 5 ұпайға қалып отыр.

«Салават Юлаев» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.