Бүгін футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты финалына шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Жартылай финалдың алғашқы жұбында 18 желтоқсанда «Аль-Ахли» (Египет) командасы «Флуминенсе» (Бразилия) клубымен шеберлік байқасты.

Кездесуде бразилиялық клуб 2:0 есеюімен басым түсіп, финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.

Енді тағы бір жартылай финалда 19 желтоқсанда «Урава Ред Даймондс» (Жапония) пен «Манчестер Сити» (Англия) кездеседі.

Ширек финалда «Аль-Ахли» Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» 3:1, «Урава Ред Даймондс» Мексиканың «Леонын» 1:0 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, 22 желтоқсанда финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.

Бұл — аталған форматта өтіп жатқан соңғы турнир.

2025 жылдан бастап клубтар арасындағы әлем чемпионатында 32 команда қатысады деп жоспарланып отыр.

Аталған дода 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін 11 команда жеңімпаз атанды.