Австрия құрамасының қорғаушысы және капитаны Дэвид Алаба алдағы жазда өтетін Еуропа чемпионатында өз командасына көмектесе алмайды.

Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.

Алаба Реал - Вильярреал матчында жарақат алды. Артынша белгілі боғландай, қорғаушының тізесіндегі крест тәрізді байламдары үзіліп кеткен. Дәрігерлер футболшы маусым соңына дейін алаңға шыға алмайтынын хабарлады.