Қазақстандағы жаңа аралас жекпе-жек промоушені UNDERDOG MMA алғашқы турнирінің қашан өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz
Лига Instagram-парақшасында жеңіл салмақтағы Гран-принің басталуына дейін кері санақ жариялады. Турнир 19 желтоқсанда 12:00-де өтеді.
Жеңіл салмақтағы Гран-приде Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан файтерлері бақ сынайды, олар бір кеште чемпионды анықтайды. Ширек финалдағы жұптар осындай:
Гульчорро Беккул уулу (1-0, Қырғызстан) – Еламан Жетпісбай (2-0, Қазақстан)
Хобир Гулмамадов (3-4, Тәжікстан) – Нұрлан Тайтиев (2-2, Қазақстан)
Мадияр Нұрмұқа (2-0, Қазақстан) – Тәңірберген Маратов (2-0, Қазақстан)
Абзал Сейітжапаров (2-1, Қазақстан) - Ырысбек Байдуллаев (2-2, Қазақстан).
Таяу арада NDRDGMMA youtube-арнасында дебют турнирдің алғашқы шығарымы жарияланады.
Бас серіктес: Parimatch
UNDERDOG MMA сусыны: Gorilla Energy
Powered by UNDERDOG
Комментарии