Дүйсенбіде, 18 желтоқсанда, Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ереже бойынша, бұл кезеңде Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған командалар мен Чемпиондар лигасында үшінші орын алған ұжымдар кездеседі. Ал топта бірінші орын алғандар бірден 1/8 финалға өтеді.

Сонымен, жеребе қорытындысы мынадай болды:

«Фейеноорд» (Нидерланды) – «Рома» (Италия)

«Милан» (Италия) – «Ренн» (Франция)

«Ланс» (Франция) – «Фрайбург» (Германия)

«Янг Бойз» (Швейцария) – «Спортинг» (Португалия)

«Бенфика» (Португалия) – «Тулуза» (Франция)

«Брага» (Португалия) – «Карабах» (Әзербайжан)

«Галатасарай» (Түркия) – «Спарта Прага» (Чехия)

«Шахтер» (Украина) – «Марсель» (Франция)

Айта кетейік, алғашқы матчтар 2024 жылғы 15 ақпанда, қарымта ойындар бір аптадан кейін өтеді.