Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Нидерландыға қарсы ойында (2:0) құрама сапындағы 25-голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz

29 жастағы футзалшы Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2017 жылы 6 ақпанда Алматыда Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (0:1) өткізді. Ал алғашқы голын сол жылы 8 ақпанда Беларусь құрамасына (3:0) соқты.

Біржан Оразов құрама сапында 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалы мен 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан. Студенттік әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені. Ол Қазақстан құрамасы сапында 53 матч өткізіп, 25 гол соққан.