Егер 27 жастағы ИМТ вингері Александр Зуев «Ақтөбеге» ауысу туралы келіссөздер жүргізсе, бұл оның құқығы деді сербиялық клубтың спорттық директоры Предраг Говедарица, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бізде бірнеше ойыншыға қатысты көптеген ұсыныстар бар, бірақ қысқы үзіліске дейін әлі екі тур бар - және шынын айтсам, біз трансфермен әзірег айналысып жүрген жоқпыз. Сіздерде үзіліс болған соң, келіссөз жүріп жатқан шығар.

Зуев «Ақтөбемен» келісіп жатса, бұл оның құқығы. Бірақ бұл туралы әлі ешкім клубпен сөйлескен жоқ», - деді Говедарица.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Зуев ИМТ сапына 2023 жылдың қыркүйегінде еркін агент ретінде ауысып, 2024 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасқан. Transfermarkt вингерді 900 000 еуроға бағалап отыр.