Лондонда (Ұлыбритания) Ultimate Tennis Showdown (UTS) көрме сериясының Гранд финалы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (32 ATP) топтық кезеңде қатарынан екі матч өткізді.Күннің алғашқы ойынында Бублик әлемнің сегізінші ракеткасы Холгер Рунеден 2:3 есебімен жеңіліп қалды.Күннің екінші кездесуінде британиялық теннисші Джек Дрэйперден (61 ATP) 1:3 есебімен жеңілді.

Осылайша Александр Бублик өз квартетінде үш рет жеңіліске ұшырап, турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Айта кетейік, бұған дейін Гранд финалдың ашылу матчында Александр франциялық теннисшісі Гаэль Монфильске есе жіберген болатын.