Қазақстандық боксшы, 2019 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Тұрсынбай Құлахмет Англияның Сандерленд қаласында өткен кәсіпқой бокс кеші аясында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрсынбайдың қарсыласы франциялық боксшы Фуад Эль Массуди болды. Боксшылар барлық 6 раундтта жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен Құлахмет жеңді.

Айта кетейік, Қазақстандықтың кәсіпқой рекордында 6 жеңіс пен 1 жеңіліс бар және 2019 жылғы Азия чемпионатында да «алтыны» бар.