Хоккейден Бірінші арна кубогының финалдық матчында «Ресей 25» Қазақстан құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жексенбі күні Ледовойда өткен кездесу 5:2 (1:1, 3:1, 1:0) есебімен ресейліктердің пайдасына шешілді.

Шайба соққандар: Ресей құрамасы сапында Валентин Зыков (дубль),Илья Сафонов, Василий Глотов және Максим Соркин. Қазақстандық команда сапында Никита Михайлис пен Әділ Бекетаев шайба соқты.

Айта кетейік, «Ресей 25» командасы турнирдегі үш кездесуде де жеңіске жетіп, 6 ұпай еншіледі. Екінші орында Беларусь командасы (3 ұпай), одан кейін Қазақстан (2) және «Жұлдыздар мен ВХЛ» (2) командалары тұр.