Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 296 турнирі өтіп, оның басты сайысында британдық Леон Эдвардс пен америкалық Колби Ковингтон жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша ұйым UFC 296 турнирінде өнер көрсеткені үшін 50 мың доллар көлемінде сыйақы иегерлерін атады.

Кештің ең үздік жекпе-жегі Ирен Алдана мен Кэрол Роза болды, ал «кештің ең үздік өнеру» үшін төлемдер Джош Эмметт, Ариан Липски және ресейлік Шамиль Газиевке берілді.

Еске сала кетейік, шоу аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер (77 келіге дейін) Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен болатын.