Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (5-1, 4 КО) Сандерлендте (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құлахмет француз Фуад Эль Массудимен (18-21-1, 2 КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы бұл жекпе-жек жоспарланған алты раундқа созылып, төрешілер шешімімен Тұрсынбайдың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Фуад Эль Массуди кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, Құлахмет бұған дейін WBC International нұсқасы бойынша жасөспірімдер арасында орта салмақта чемпион болған.