Қазақстандық, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші америкалық Кьяра Шолльмен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-америкалық жұп алдымен германиялықтар Миа Мэк – Йоханна Сильваны 7:5, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.

Содан кейін ширек финалда жарыстың екінші ракеткалары, италиялық Нурия Бранкаччо – румыниялық Андрея Присэкариумен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда С.Кенжебаева – К.Шолль қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты – 6:1. Екінші сетте есеп олардың пайдасында 1:0 болғаннан кейін Н.Бранкаччо – А.Присэкариу бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Сандуғаш пен Кьяраның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.