«Интер» директоры Пьеро Аусилио клуб «Лилль» қорғаушысы Тиаго Джалуға қызығушылық танытып отырғанын растаған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, біз оны бақылап отырмыз. Тьягу - қызықты ойыншы. Мен артық ештеңе айта алмаймын», - деп келтіреді бапкердің сөзін Фабрицио Романо.

Сондай-ақ, «Интер» 23 жастағы португалиялықпен келесі жылға келісімшарт жасасып, бұл трансферді қыста немесе жазда жабу ғана қалғаны айтылған.