Астанада Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған бокс кеші – «Чемпиондар түні» аяқталды, онда Қазақстан чемпиондары шартты әлем құрамасымен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты додасында 2016 жылғы Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов Оңтүстік Африка елінің өкілі Жабулани Махенсемен кездесті.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен алты раундтық жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.