Жексенбі күні, 17 желтоқсанда таңертең қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC 296 Астана уақытымен таңғы 6:00-де басталады, негізгі кард 9:00-де басталады, Рахмонов пен Томпсон октагонға шамамен 9:30-да шығады.

UFC 296 кешінің негізгі кард жекпе-жектерін Setanta Sports 2 арнасынан көруге болады. Сондай-ақ турнирді UFC Fight Pass сервисі көрсетеді. UFC 296-ны шетелде америкалық ESPN арнасы, британиялық TNT Sports және ресейлік «Матч ТВ» мен «Матч Боец» көрсетеді.

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.