Бұған дейін Қазақстанның елордасы Астанада өткен ATP-250 турнирі 2024 жылғы маусымда Алматыда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) турының ресми сайтында хабарланды. Жарыс 14-20 қазан аралығында өтеді.

Сондай-ақ ресми ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы өтіп, 2023 жылғы маусымда өтпеген Гихондағы (Испания) турнир тур күнтізбесіне қайта оралуда. Ол 3-9 қарашада Мецте өтетін турнирмен бір уақытта өтеді.

Айта кетейік, франциялық Адриан Маннарино 2023 жылы Астанада чемпион атанған болатын.