Сауд Арабиясында өтіп жатқан футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында мысырлық «Аль-Ахли» Сауд Арабиясының «Аль-Иттихадын» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 3:1 есебімен «Аль-Ахли» жеңіске жетті.

Гол соққандар: жеңімпаздар сапында Али Маалул, Эмам Ашур, Хусейн Эль-Шахат. Және 45-минутта Карим Бензема пенальтиден мүлт кетті.

Айта кетейік, турнирдің жартылай финалында «Аль-Ахли» бразилиялық «Флуминенсемен» кездеседі.