Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов таразыда 77,56 келі салмақты көрсетті.

Еске сала кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде өтеді.

Басты шайқаста жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы британдық Леон Эдвардс (21-3) америкалық Колби Ковингтонмен (17-3) кездеседі.