Қазақстандық Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлемнің 794-ракеткасы Г.Ломакин ширек финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстікафрикалық Алек Блеклимен тартысты кездесу өткізді.
Матчты жақсы бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияны өз есебіне жазды – 7:5. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, қарсыласына есе жіберді – 3:6, 0:6.
Оңтүстікафрикалық спортшы финалға шығу үшін әлемнің 363-інші, жарыстың 2-ракеткасы, италиялық Самуэль Винсент-Ругьеримен таласады.
Комментарии