Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жұжырықтасады. Спортшылар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 15 желтоқсан UFC 296 турнирінде өнер көрсететін спортшылар баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың ішінде негізгі кардта жұдырықтасатын Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон да болды. Шавкат қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жеңіске жету үшін барын салатынын мәлімдеді.

"Қазақ халқы, келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын. Бұл біз үшін өте маңызды күн. Сондықтан тек ғана жеңіске жетемін деп ойлаймын. Бар күшімді сол жекпе-жекке саламын", – деді Шавкат Рахмонов.

UFC 296 турнирінде жұдырықтасатын америкалық файтер Стивен Томпсон мен Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізген еді.