«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Мессидің 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жейдесі Нью-Йорктегі аукционда 7,8 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

6 жейде жиынтығынан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.

Спорттық бұйымдар арасындағы ең қымбат сатылым америкалық баскетболшы Майкл Джорданның 1998 жылғы маусымда «Чикаго Буллз» - «Юта Джаз» арасындағы НБА финалдық сериясының бірінші ойынында киген футболкасы болып қалды, ол 10,1 миллион долларға сатылды.