Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатқан «Чемпиондар түні IBA» бокс кешінде бақ сынайтын 16 спортшы Астанада салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 15 желтоқсан қазақстандық боксшылар IBA ұйымдастыруымен Астана қаласында өтетін "Чемпиондар түні" бокс кешінде өнер көрсетеді. Осы кәсіби бокс кешінде өнер көрсететін боксшылар тізімі:

71 келі. Данияр Елеусінов (70,8 келі) – Джабулани Макхенсе (70,7 келі); 80 келі. Бекзад Нұрдаулетов (79,9 келі) – Никита Зон (79,9 келі); 67 келі. Дулат Бекбауов (66,4 келі) – Харитон Агрба (66,5 келі);80 келі. Ерасыл Жақпеков (79,45 келі) – Градусом Клаус (79,45 келі); 71 келі. Асланбек Шымбергенов (70,7 келі) – Хосе Мигель Боррего (69,25 келі);63,5 келі. Серік Теміржанов (62,4 келі) – Павл Фёдоров (63,5 келі); 57 келі. Махмұд Сабырхан (57 келі) – Освальдо Диас (56,9 келі); 51 келі. Санжар Тәшкенбай (50,6 келі) – Нодиржон Мирзаахмедов.

Астанадағы кәсіпқой бокс кеші 15 желтоқсан Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.