Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жұжырықтасады. Спортшылар жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 15 желтоқсан UFC 296 турнирінде өнер көрсететін спортшылар көз түйістіру рәсімін өткізді. Олардың ішінде негізгі кардта жұдырықтасатын Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон да бар. Жекпе-жек шеберлері амандасып, жылы лебіз алмасты.