«Астана» командасы Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы алтыншы кездесуін өткізді. Қазақстандық клуб чехиялық «Виктория Пльзенге» қарсы матч өткізді.

Матч 3:0 есебімен аяқталды. Осылайша, елордалық ұжым 4 ұпаймен 3-орын иеленді. Яғни Конференция лигасының топтық кезеңінен шыға алмады.

Конференциялар лигасы. Алтыншы тур. С тобы.

«Виктория Пльзень» (Чехия) – «Астана» (Қазақстан) – 3:0 (0:0)

Голдар: Влканова 58 (1:0), Москера 67 (2:0), Москера 82 (3:0)

Төреші: Делажо (Франция)

14 желтоқсан. Пльзень. «Дусан Арена» стадионы.