«Барселона» «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Мэйсон Гринвудқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

ТalkSPORT мәліметінше, каталониялық клубтан бөлек, испаниялық «Хетафе» сапында жалда ойнап жүрген 22 жастағы Гринвудқа басқа да еуропалық клубтар қызығушылық танытуда.

Осы маусымда Мэйсон Гринвуд «Хетафе» сапында 13 матч өткізіп, төрт гол соқты.