Каталония женералитаты аймақтағы құрғақшылықтың ауыр зардаптарын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, билік спорт залдары мен орталықтарда душ қабылдауға тыйым салады. Бұл жаңашылдық «Барселона» мен «Жирона»ойыншыларына да әсер етпек.

Басылымның хабарлауынша, шаралардың енгізілгенін климаттың өзгеруімен күрес, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрі Дэвид Маскорт растады. Бұдан былай ойыншылар женералитаттың жарлығын орындау үшін үйде жуынуы керек, өйткені оларға жаттығу кезінде де, матчтан кейін де душ қабылдауға рұқсат етілмейді.