Бейсенбі, 14 желтоқсан күні таңертең қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев француз Мохамед Мимунмен жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүкембаев пен Мимун Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өткен бокс кешінде кездесті.

Бірінші жартылай орта салмақтағв жекпе-жек толық он раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Жүкембаев жеңіске жетті.

Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental North Americas титулын сәтті қорғады.