14 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогын Беларусь құрамасына қарсы матчпен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге команда капитаны Никита Михайлис анықталды. Капитанның көмекшісі болып Әділ Бекетаев пен Самат Данияр тағайындалды.