Шпагадан Қазақстан ерлер командасы Ванкувердегі (Канада) әлем кубогінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық жарыста қазақстандықтар алтыншы орын алды.

Алтынды Жапония, күмісті Италия, қоланы Венесуэла еншілеген.

Жекелей сында Руслан Курбанов ондыққа енді.