Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бірден бірнеше елде: Дания, Норвегия және Швецияда өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында кезекті ойынын сәтсіз өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29-орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Парагвайдан ұтылды.

Айта кетейік, кездесу 30:36 есебімен аяқталды.

Жарысқа барлығы 32 команда қатысуда. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегияның әйелдер құрамасы. Одан кейін турнирдің финалында норвегиялықтар Франция құрамасын ұтты.