Бүгін, 13 желтоқсанда Қазақстан құрамасы 2023 жылы Будапештте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші дивизионда А тобында бірінші орын үшін Франция құрамасымен матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан (U20) - Франция (U20) 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

Шайбы соққандар:

1:0 - Нұркенов (Бреус, Бейсембаев), 08:48

2:0 - Смолянинов (Ермак, Логвин), 31:19

3:0 - Нұркенов (Ким, Оразов), 52:10

4:0 - Ким (Смолянинов, Ляпунов), 53:59

Қақпашылар: Никитин - Келлер

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Старыгин шәкірттері бірінші кездесуде Венгрияны (5:2) ұтса, кейін Данияны (3:2) жеңген болатын.

Айта кетейік, турнир 16 желтоқсанға дейін жалғасады.