Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2023 жылдың үздік бапкері сыйлығына үміткерлердің есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үміткерлер тізімінде Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Симоне Индзаги («Интер») және Лучано Спаллетти («Наполи», Италия) болды.

Еске салайық, өткен маусымда Гвардиола «Манчестер Ситиге» бірден үш турнирде – Чемпиондар лигасында, Англия Премьер-лигасында және Англия Кубогында жеңіске жеткен болатын. Индзаги «Интермен» Италия кубогын жеңіп алды және миландық команданы Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткізді. Спалетти өз кезегінде Наполиге 33 жылдағы алғашқы Скудеттосын жеңіп алуға көмектесті. Осыдан кейін 64 жастағы маман Италия құрамасын басқарып, Еуро-2024 финалына дейін жетті.

Номинацияның жеңімпазы дүйсенбі, 15 қаңтарда өтетін «Үздік» марапаттау рәсімінде жарияланады. Өткен жылы 2022 жылғы әлем чемпионатында командасын жеңіске жеткізген Аргентина құрамасының жаттықтырушысы Лионель Скалони жылдың үздік бапкері атанды.