«Әл-Иттихад» клубының жұлдызды орталық шабуылшысы Кәрім Бензема клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Окленд Ситиге» қарсы ойында гол соқты. Футболшының командасы 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі шабуылшы төрт клубтық әлем чемпионатында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды.

Жалпы шабуылшы осындай алты турнирге қатысқан. Бұған дейін француз «Реал Мадрид» сапында бес әлем чемпионатында жеңіске жеткен - 2014, 2016, 2017, 2018 және 2022 жылдары.