13 желтоқсанда гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңілгендер кезеңі аясында Парагваймен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады деп жоспарланған.

Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

29-орын үшін матчҚазақстан - Парагвай

Жарысқа жалпы 32 команда қатысып жатыр. Қазіргі әлем чемпионы 2021 жылғы турнирде жеңіске жеткен Норвегияның әйелдер құрамасы. Сол кезде турнирдің финалында норвегиялықтар Франция құрамасын жеңген болатын.