Team Secret командасы Dota 2-ден ESL One Kuala Lumpur 2023 чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта перулік Wawitas Sagazes ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клемент Puppey Ивановтың командасы турнирдің плей-офф кезеңіне өтті. Ал Wawitas Sagazes командасы топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. Команда бір тең және төрт жеңіліспен турнирде соңғы орын алды.

Бұған дейін Azure Ray және BetBoom Team командалары плей-офф жолдамасына ие болған еді.

ESL One Kuala Lumpur 2023 чемпионаты 11-17 желтоқсан аралығында Малайзияда өтіп жатыр. Қатысушылар жалпы жүлде қоры бір миллион долларды сарапқа салып жатыр.