«Бавария» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі жеңіліссіз сериясын 40 матчқа дейін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы турында мюнхендіктер сырт алаңда «Манчестер Юнайтедті» ұтты (1:0). 6 кездесуде «Бавария» 5 жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.

«Бавария» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қатарынан 40 матч бойы жеңіліссіз келеді – бұл турнирдегі рекордтық серия. Мюнхендіктердің бұл кезеңдегі соңғы жеңілісі 2017 жылы – ПСЖ-дан болған. Содан бері «Бавария» 36 жеңіс пен 4 тең ойынға ие болды.

«Бавария» 6 матчтан 16 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне топта 1-орыннан жолдама алды.