Сәрсенбі, 13 желтоқсанда Қазақстан құрамасы 2023 жылғы жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатында үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы «А» тобының көшбасшысы Франциямен кездеседі.

Қазақстан – Франция матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:30-да басталып, оны осы жерден және insporttv.kz арнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Старыгин шәкірттері бірінші кездесуде Венгрияны 5:2 есебімен оңай ұтса, екінші ойында Данияны (3:2) жеңген болатын.

Турнир 10-16 желтоқсан аралығында Будапештте өтеді. Қазақстан Австрия, Венгрия, Франция, Жапония және Дания командаларымен әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама сарапқа салады.