Сейсенбі, 12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-шы турының матчтары өтіп, оның қорытындысы бойынша өз квартетінде үшінші орын алған клубтар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар көктемде Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынауды жалғастырады.

Галатасарай (А тобы), Ленс (В), Брага, Бенфика (D), Фейеноорд (Е, ерте), Янг Бойз (G, ерте) Еуропа лигасының 1/16 кезеңіне жолдама алды.

Чемпиондар лигасынан шыққан командаларға Еуропа лигасында 2 орын қалды. Бүгін (13 желтоқсан) соңғы қатысушылар H (Порту немесе Шахтер) және F (ПСЖ, Ньюкасл, Милан) тобындағы үшінші орын иегерлері болады.