Сейсенбі, 12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-шы турының ойындары өтіп, оның қорытындысы бойынша турнирдің плей-офф кезеңінің жаңа қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Копенгаген» мен «Наполи» 1/8 финалға өтті. Даниялықтар «Галатасарайды» 1:0 есебімен ұтса, неаполитандықтар «Браганы» 2:0 есебімен ұтты.

Бұған дейін «Арсенал», «ПСВ», «Атлетико Мадрид», «Барселона», «Лацио», «Боруссия Дортмунд», «Манчестер Сити», «Бавария», «Интер», «Реал Сосьедад», «Реал Мадрид» және РБ Лейпциг өткен болатын.

Плей-оффқа 2 орын қалды. H тобында екінші орынды «Порту» мен «Шахтер» (9 ұпайдан), ал F квартетінде: ПСЖ (7), Ньюкасл (5) және Милан (5) сарапқа салады.