«Барыстың» жаттықтырушылар штабында өзгерістер болды. Соңғы айларда клубта бас менеджер болып жұмыс істеген Олег Болякин бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алған маман. Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеуімен танымал. Олег Владимировичтің клубтық қызметте де тәжірибесі мол. Ол бұған дейін «Ертіс»,«Сарыарқа», «Торпедо» мен «Ермактың» бас бапкері болған.

Болякиннің жаттықтырушылар құрамына Александр Высоцкий мен Ерлан Сағымбаевтың орнына Андрей Шаянов пен Талғат Жайлауов кіреді.