Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Аль-Наср» сапында ойнау қандай болғанын айтып, саудиялық клубқа ертерек ауыспағанына өкініш білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аль-Насрда болғаныма өте қуаныштымын және осы үлкен клубта үлкен өзгеріс жасауды асыға күтемін. «Аль-Наср», Сауд Арабиясына бұрын көшпегеніме өкінемін, бірақ қазір осындамын және командаға табысқа жетуге көмектесемін.

«Аль-Насрға» Еуропаға бергенімнен екі есе көп беремін. Осы тамаша клубта жетістікке жету үшін аянбай еңбек етемін», - деп келтіреді Royanews Роналдудың сөзін.

Роналду 2023 жылдың басында «Аль-Наср» ойыншысы атанды. Осы маусымда ол барлық турнирлердегі 22 «Аль-Наср» матчында 20 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.