Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Түркияның Анталия қаласында өткен ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко молдовиялық теннисші Илья Снитаримен бірге румындық Александр Кристиан Думитру – Калин Манда жұбымен кездесіп, 6:1, 3:6 10:4 есебімен ұтты.

Кездесу Түркия турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде өтті.