Алматылық «Қайрат» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевтың қамаудан босатылуына клубтың қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Командадағы, клубтағылардың барлығы оның оралғанына өте қуанышты! Әзірге кездесу болған жоқ, бірақ оқу-жаттығу жиынында немесе маусым басталғанға дейін міндетті түрде кездесу болатынына сенімдімін», - деді футболшы.Айта кетейік,биыл қарашада Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алудан босатылды.