Италия құрамасының 39 жастағы бұрынғы орталық қорғаушысы Джорджо Кьеллини кәсіпқой мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық «Ювентус» сапында ұзақ уақыт ойнады, онымен ол тоғыз дүркін ел чемпионы болды және екі рет Чемпиондар лигасының финалисті атанды. 2022 жылдан бастап ол Лос-Анджелес үшін MLS-те ойнады, АҚШ-та 45 матч өткізіп, тбір гол соқты.

Одан бөлек, жұлдызды ардагердің қолында Еуро-2012-де күміс медаль және жеңімпаз Еуро-2020-да көптен күткен чемпиондық медаль бар.