Түркияның «Анкарагюджю» клубының президенті Фарук Кожа мен матчтан кейін төрешіні ұрып-соғуға қатысқан тағы екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әділет министрі Тунч әлеуметтік желіде «Батыс Анкараның қылмыстық соты мемлекеттік қызметкердің денсаулығына зиян келтіру қылмысы үшін үш күдіктіні қамауға алды» деп жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, департамент басшысы Фарук Кожадан басқа оқиғаға қатысы бар тағы екі адамның қамауға алынғанын түсіндірді.